Оқиға • Кеше

Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мультимедиялық шоу ұйымдастырылады

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция күніне орай Алматының визит карточкасында сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мультимедиялық шоу ұйымдастырылады

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасының медиа қасбетінде мультимедиялық шоу 30 тамызда сағат 21:00-де басталады. 

Телемұнараға жарық беру төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді:

  • Күн сайын сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады;
  • 02:00-ден 05:00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлар арқылы жарқырайды;
  • Мереке күндері 21:00-ден 02:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады;
  • Сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін прожектор арқылы жарықтандыру іске қосылады.

Айта кетейік, телемұнара түрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLS-H прожекторларымен, сондай-ақ құрылымның 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED модульдері бар жарық желілерінің медиа қасбетімен жабдықталған.