Қоғам • 01 Қыркүйек, 2024

Шахтадағы кісі өлімі: Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтадағы кісі өлімі: Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды

Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді.

Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

- ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;

- ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

- ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;

- ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады.