24 Қаңтар, 2015

Саудия жаңа король тұсында мұнай өндіруді ұлғайтады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-01-15-salman-1

АСТАНА. 24 қаңтар. Әлемнің мұнай рыногында Сауд Арабиясы мұнайының үлес-салмағы бұрынғыдан да арта түседі. Ал король Абдалла қайтыс болғаннан кейін оның тағына отырған жаңа король Салман алдыңғы билеушінің таңдап алған бағытынан таймайды. Бұ туралы Британияның Telegraph газеті жазды. Саудияның алтыншы корлі Абдалла Абдул-Азиз Аль Сауд 23 қаңтар күні 91 жасында қайтыс болды. Оның орнын 79 жастағы інісі Салман басты. Басылымның пікірінше, бұған дейін инсульт алып қалған Салман «уақытша» монарх болып табылады. Оның мақсаты ағасының миссиясын абыроймен орындап, елдің Таяу Шығыстағы бұрыннан бар саяси және экономикалық күшін нығайта түсу болмақ. Ал мұнай бағасының арзан бола түсуі сауд билеушісі үшін таптырмайтын бағыт. Ол тек елдің бағын асыра береді. Осыған қарағанда, Сауд Арабиясы өзінің мұнай рыногындағы қарсыластарын бұдан ары қысатын болады. Telegraph газетінің ОПЕК-тегі мәнбелері Саудияның биылғы жылы алдына қойып отырған міндеті күніне қазіргі 9,2 млн. орнына 10,5 млн. баррель өндіру деңгейіне жеткізу болып отырғанын жеткізді. Мұны ол ұйымның басқа мүшелерінің келісімінсіз жасағалы отыр. «Рынок мұнайға толып тұр, ал мұнай-газ компаниялары өз жұмыстарының көлемін белсене қысқартып жатыр. Сауд Арабиясының күткені де осы. Елдің 750 млрд. долларға жуық валюталық резерві биылғы жылғы бюджет тапшылығын жабу мен мемлекеттік субсидияны қаржыландыруға молынан жетеді»., - деп жазады басылым. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Telegraph.