ЖОЛДАУ • 02 Қыркүйек, 2024

Заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге арналған міндеттер белгіленді

97 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, экономиканың тұрақтылығын және дәйекті дамуын қамтамасыз ету жолындағы стратегиялық басымдықтарды айқындап берді, деп жазады Egemen.kz.

Заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге арналған міндеттер белгіленді

Фото: senate.parlam.kz

Сондай-ақ заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге және саяси жүйенің тиімділігін арттыруға арналған маңызды міндеттер де белгіленді.

Жолдауда банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау мәселесіне баса мән берілді. Қазіргі таңда отандық банктердің табысы айтарлықтай деңгейде екені белгілі. Оны халықаралық сарапшылар да атап өткен. Соған қарамастан банктердің бизнесті қаржыландыру белсенділігі төмен болып отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл саладағы салық мөлшерін әділ белгілеу керектігіне назар аударып, Банктер туралы жаңа заң қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар отандық бизнестің ұлттық экономикадағы үлесін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешені қабылданды. Бұдан былай өндірісті өркендетеміз деген инвесторларға және терең өңделген өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырылады.

Салықтық әкімшілендіру ісінде де бизнес қауымдастық үшін тиімді шешімдер қабылданады. Осыған орай Салық кодексін әзірлеу процесі тыңғылықты әрі байыпты жүргізіледі. Президентіміз осындай жүйелі қолдау шараларының арқасында 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін 15 пайызға жеткізуді міндет етіп жүктеді. Қазір бұл көрсеткіш – 7 пайыз шамасында.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану мәселесіне де айрықша тоқталды. Бұл бағытта автокөлік құрастыру және мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту жөніндегі нақты жобаларға басымдық беріледі.

Елімізде инфрақұрылым бағытында қордаланған проблемалар да аз емес. Бұл, әсіресе, энергетика және коммуналдық шаруашылық үшін өте өзекті. Сондықтан Президентіміз осы саланы жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекітуді тапсырды. Бұл құжат азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей ықпал ететіні анық.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамда қызу талқыланған атом электр стансасын салу мәселесіне де ерекше мән берді. АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетіні белгілі болды. Бұл – қоғамдық пікірдің үстемдігін көрсететін маңызды қадам. Осы ретте азаматтарымыз белсенділік танытады деп сенеміз.

Саяси жүйені реформалау ісі де назардан тыс қалмады. Бұл бағытта соңғы жылдарда ауқымды реформалар үздіксіз жүзеге асырылғаны белгілі. Сол жұмыстардың келесі кезеңінде аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайланады.

Сондай-ақ Жолдауда көлік-логистика, агроөнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, цифрлық даму және тағы басқа салаларды жетілдіруге қатысты нақты міндеттер белгіленді. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігі де нақты белгіленді.

Осы және басқа да міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті заңдар қабылдау қажет. Бұл қатарда Президентіміз атап көрсеткен банктер, құқық бұзушылықтардың алдын алу, бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік саясат, активтерді қайтару туралы заңдар бар.

Мұның бәрі Парламентке маңызды міндеттер жүктейді. Осыған орай Сенат Мәжіліс пен Үкіметтегі әріптестерімен және сарапшылармен бірге белсенді жұмыс істейтін болады.

Мемлекет басшысы белгілеп берген басымдықтарды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру еліміздің тұрақты экономикалық дамуына және Әділетті Қазақстанның тұғырын нығайта түсуге тың серпін береді деп сенеміз.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Жас буын туралы зерттеу

Жастар • Бүгін, 08:45

Есірткі қылмысымен күрес

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тағы гран-при әкелді

Қоғам • Бүгін, 08:25

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Бүгін, 08:15

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:05

Қайыспас қайыңдай қайсарлық

Әдебиет • Бүгін, 08:03

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Алғашқы өлең

Әдебиет • Кеше

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • Кеше

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • Кеше

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • Кеше