Үкімет • 03 Қыркүйек, 2024

Талқылау үдерісіндегі заң жобалары

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның бюро отырысы өтті. Онда 4 қыркүйекте өтетін VIII шақырылымдағы үшінші сессиясының бірінші жалпы отырысының күн тәртібі бекітілді.

Талқылау үдерісіндегі заң жобалары

Алдағы сәрсенбіде Мәжі­ліс­­­тегі Қаржы және бюджет ко­ми­­­теті Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­­ның жаңа Салық кодексі­нің жо­басын жұмысқа қабыл­дай­ды. Бұл туралы Палатаның бюро о­ты­рысында белгілі болды.

Заң жобасында депутаттар Мемлекет басшысының Жол­дауында айтылған салықтық әкімшілендіруді және салық режімдерін оңтайландыруға, салықтық жеңілдіктерді қайта қарауға және  тағы да басқа да бастамаларды іске асыруға тиіс. Онымен бірге комитет Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері туралы ілеспе түзетулер бойынша қорытынды шығаруы керек.

Сонымен қатар бірінші оқылымда Президенттің тапсырмасы негізінде әзірлен­­ген ілеспе түзетулер­мен «Тұты­ну­шы­лардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның жаңа жобасы қаралады. Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсман институтын енгізу, онлайн-саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және басқа да бірқатар норма қарасты­рылған.

Мәжіліске Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық қоры­нан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобалары және Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша заң жобалары түседі.

Бұдан басқа, Палата жұмы­сына Еуразиялық экономи­калық одақ елдері мен Син­гапур арасындағы еркін сау­да тура­лы келісімді және оған жан-жақты экономи­ка­лық ынтымақ­тастық туралы негіздемелік келісімді, Қазақ­стан мен Қатар Үкімет­тері ара­сындағы басым салалар­­дағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді страте­гия­лық әріптестік орнату тура­лы келісімді, сондай-ақ за­ғип­­тардың және көру қабі­леті бұзылған немесе бас­па ақпаратын қабылдауға өзге де қабілеттері шектеулі адам­дардың жарияланған туын­дыларға қол жеткізуін жеңіл­дету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы заң жобалары келіп түседі.