ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024

Жауапкершіліктің жүгі ауыр

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сес­сия­сының ашылуында «Әділетті Қазақ­стан: заң мен тәртіп, эконо­микалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.

Жауапкершіліктің жүгі ауыр

Жолдауда көтерілген мәселелер – ақша-несие және фискалды саясат арасындағы үйлесімсіздік, инвестициялық ахуал мен бизнеске жағдай жасауды одан әрі жетіл­діру, өнеркәсіп және инфрақұрылым мәсе­лелері, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт сау­лығын нығайту, экологиялық ахуал мен мемлекеттік басқару ісі, сонымен қатар қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігі де – негізгі мәселе. Байқап отыр­ғандарыңыздай, көтерілген ойлар ауқымды, мазмұны жағынан әр тарапты.

Бастысы халық үніне құлақ түріп, АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумда шешу, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін толығымен жалпы сайлау арқылы жүзеге асыру қоғамда саяси белсенділікті арттырары сөзсіз.

Ал қарапайым жұмысшы мамандығы мәртебе­сін арттыру бағытында келер жыл­ды Жұмысшы ма­ман­дықтары жылы деп жариялау ұсынымы, Салық кодексін асықпай, жан-жақты талқылап, қабыл­­дау мерзімін шегеру және банктер туралы жаңа заңды қабылдауды тапсыру, басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру екендігін айқын­дау сияқты шешімдер халықтың әлеуметтік-эконо­микалық мәселелерінің шешілуіне негіз боларына сенімдіміз.

 

Амангелді ТОЛАМИСОВ,

Сенат депутаты