Таным • Бүгін, 09:45

Ғалам ғажаптары: Әмбебап робот

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роботтар күн өткен сайын же­тіліп келеді. Адамнан аумайтын құл­темірлерге көзіміз де үйренді. Ал енді мысыққа тамақ беріп отырған робот көрсеңіз, таңғалмаңыз.

Ғалам ғажаптары: Әмбебап робот

Қытайлық компания «Astribot S1» атты әмбебап робот жасады. Ол тір­шілікке қолқабыс болып қана қой­май, иесінің көңілін де аулайды. Ол музы­калық аспапта да ойнайды, мысықты тамақтандырады, бәліш пісіреді, шай қайнатады. Жылдам қолдары мен икем­ділігінің арқасында басқа да істерді мін­сіз орындайды.

 

1,5 шақырым құрақ

ва

Отандық ісмерлер құрақ тігуден рекорд жаңартпақ.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойынында ұзындығы 1,5 шақырым болатын құрақ тігіледі. Ше­берлер айрықша туындысын «Аламан құрақ» деп атапты. Құрақ құрауға елдің барлық өңірінен 500 тігінші қатысады. Өңір-өңірдегі ісмерлер дайындықты бас­тап кетті. Қазір құрақтарын түгендеп жатыр. Алдын ала әр өрнекті, матаны таңдап, ұзыннан ұзын тігілген құрақты халыққа тарту етпек.

 

Топырақ астындағы зертхана

вапвап

Мысырлық археологтер Кафр-әл-Шейх провинциясынан көне астро­номиялық обсерватория тапты.

Ғалымдардың зерттеуінше, топырақ астынан шыққан нысан біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырда салынған. Өңдел­меген кірпіштен қаланған ғылыми мекеме жергілікті ғибадатханалардың бірінде орналасқан. Одан күн сағаты, өлшеу құ­рал­дары секілді түрлі жәдігер та­былған. Көне обсерватория әлі толық зерттеуден өткен жоқ. Мамандардың айтуынша, ол – осыған дейін анықталған астрономиялық мекемелердің ішіндегі ең ірісі. 

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Көшпелілер Әлемі» этноауылы ашылады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 18:10

Аңдатпа: Нөкіс қаласында...

Аңдатпа • Бүгін, 09:50

Ат үстіндегі сайыс

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 09:40

Овариден олжа күтіп тұр

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 09:37

«Бірлік керуені» Астанаға жол тартты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 09:32

Болыстың ұрпағы

Руханият • Бүгін, 09:20