Қызылорда қалалық прокуратурасы өткен жылдың қорытындысы негізінде Қызылорда облыстық әділет департаментіне қарасты аумақтық сот орындаушылар бөлімінде есепте тұрған жалақы өндіру санатына талдау жүргізді.
Талдау барысында, қалалық прокуратура мен сот орындаушыларының бірлесе қызмет атқару нәтижесімен құны 64 067 860 теңгені құрайтын 170 атқару құжаты өндіріске енгізілді. Ал 2014 жылдың соңында аталған санаттағы барлық атқару құжаттарды орындау аяқталды.
Оның ішінде прокурорлық ықпал ету актісі нәтижесімен 39 689 913 теңге құрайтын 139 атқару құжаты нақты орындалса, 1 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Атап айтқанда, мемлекеттік сот орындаушысымен «СК Хоркут» ЖШС-нен 7 қызметкерге 4.8 млн. теңге өндіру туралы атқару құжатын орындату мақсатында мекеме директоры Б.К-ке қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотына қарау үшін жолданды. Нәтижесінде, әкімшілік сотының 29.01.2014 жылғы қаулысымен мекеме директоры ӘҚБтК-тің 524-бабымен кінәлі деп танылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, борышкердің атында 4 жер телімі тіркелгені анықталып, оларды бағалап, ары қарай сауда-саттыққа шығарылып, аукцион арқылы 31 млн. сатылып, жұмысшылардың еңбек ақылары толық төленуіне қол жеткізілді.
Осы тектес заң бұзушылық, борышкер «Жер ана Групп» ЖШС-нің бір автокөлігі сауда-саттыққа шығарылу нәтижесімен, өндіріп алушының пайдасына 251 000 теңге жалақы соммасы толық аударылды.
Сондай-ақ, қалалық прокуратура борышкер «Казрос Мунай» ЖШС-нен 1 жұмысшыға 205 704 теңге және «Арна Қызылордамелиорация» ЖШС-нен 3 қызметкерге 483 249 теңге жалақы өндіру туралы атқару өндірістерін зерделеп, нәтижесінде, серіктестік мекемелерінің директорлары мен бас есепшілері қалалық прокуратураға шақыртылып, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерге тартылатыны түсіндірілді. Осыған сәйкес, жұмысшылардың жалақылары толығымен төленді.
Қалалық прокуратура ағымдағы жылдың 10 күнінде борышкер «Дани-Ер» ЖШС-гі 46 қызметкерге 5 133 549,12 теңге жалақы қарыз екенін анықтады.
Осыған сәйкес, қала прокурорының 31.12.2014 жылғы (ұйғарымды мәжбүрлеп орындату туралы) қаулысы шығып, оны орындату үшін мемлекеттік сот орындаушыларына жолданып, қорытындысымен серіктестіктің екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоттарына инкасса қойылып, «Халық Банк» ААҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 5 133 549 теңге әділет департаментінің дипозитіне 08.01.2015 жылы аударылып, ертесіне серіктестіктің қызметкерлерінің есеп шоттарына еңбек ақылары аударылып, 46 азаматтың Конституциялық құқықтары қорғалды.
Фараби Ұзақов, Қызылорда қаласы
прокуратурасының бөлім бастығы.
Cурет: ogodom.ru.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48