Спорт • 03 Қыркүйек, 2024

Паралимпиада-2024: Күміс жүлделі мерген елге оралды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Жазғы Паралимпиадасының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Паралимпиада-2024: Күміс жүлделі мерген елге оралды

Фото: csp_parasport.kz

Елдің спорт тарихында нысана көздеуден алғаш медаль алған пара спортшыны Астана әуежайынан министрлік өкілдері мен туған-туыстары күтіп алды.

«Оңтүстік Корея спортшысы Жин Хо Паркке шамалы жетпей қалдым. 2016 жылдан бастап тұрақты қатысып, жүлделер жеңіп алып жүрген кореялық спортшының тәжірибесі мол, қай кезде қандай тактика қолдану керектігін жақсы біледі», деген Еркін Ғаббасов биылғы спорттық маусым осымен аяқталғанын, енді аздап тынығып, содан соң жаттығуға қайта кірісетінін айтты.

Еске салайық, айтулы байрақты бәсеке 8 қыркүйекке дейін өтеді, оған елімізден қатысып жатқан 44 пара спортшы 9 спорт түрі бойынша жүлдеге таласып жатыр.