Елорда • 04 Қыркүйек, 2024

Астанада жылу қашан беріледі

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада күрең күз басталды. Қазіргі ауа температурасының орташа көрсеткіші +15°C болса да, нөсер жауын жиі жауып жатыр. Осы орайда тұрғындар көкейінде жылу беру маусымы қашан басталады деген сауал туындағаны анық. Біз бұл сұрақты қала әкімдігінің өкілдеріне қойдық, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жылу қашан беріледі

Фото:pexels.com

Әкімдік ауа температурасы 5 күн қатарынан +10 градустан төмен болғанда ғана жылу қосылатынын мәлімдеді.

«Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласындағы жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы бес тәулік ішінде +10°С және одан төмен болғанда басталады», делінген әкімдік жауабында. 

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК ұсынған ауа райы болжамына сүйенсек, алдағы 10 күнде ауа температурасы +10  градустан төмендемейді.