Оқиға • 04 Қыркүйек, 2024

«ҚазАвтоЖолдың» экс-басшысы қаржы жымқырғаны рас па

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның бұрынғы басшысы бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖолдың» экс-басшысы қаржы жымқырғаны рас па

Фото: Ашық дереккөз

Ведомство Есіл өзені арқылы көпір салу және «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

«Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты», делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдаған.