Пікір • 05 Қыркүйек, 2024

Өзекті ұсыныстар айтылды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент палата­ла­рының бірлескен отыры­сында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел хал­қы­на Жолдауын арнап, мем­лекетіміздің дамуына қа­тысты өте өзекті ұсы­ныс­­тар мен тетіктерді айт­ты.

Өзекті ұсыныстар айтылды

Біріншіден, елімізге банктер­дің қызметі туралы жаңа заң қажет­тілігін жеткізді. Менің ойым­ша, бұл күллі отандастарымыз күткен мәселе.

Екіншіден, туристік кластер­ді дамыту үшін жақсы инфра­құрылым әзірлеу маңызды екені айтылды. Шын мәнінде, бұл ай­тылған мәселе өте орынды. Біздің азаматтар немесе сырттан келген қонақтар туристік аймаққа демалуға шыққан кезде жол машақатын көрмей, шынайы демалыстың ләззатын сезінуі керек.

Үшіншіден, болашақта тех­ни­калық мамандықтар бойын­ша жас мамандарды даярлау күн тәртібіне шығарылды. Бұл салада елімізде олқылық бар. Бола­шақта осы дүние бойынша маман дефицитін болдырмау үшін біз қазірден мықты технологтер мен инженерлерді даярлауымыз керек.

Осыған байланысты келесі жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланып отыр. Президенттің бұл бастамасы еңбек адамы үшін өте маңызды. Біз жұмысшы мамандарды құрметтеп қана қоймай, одан бөлек дәріптеуіміз де керек. Жалпы, Жолдауда еліміздің дамуына қатысты маңызды ойлар айтылды. Алдағы уақытта осының барлығы іске асып жатса, ел игілігі үшін жасалар жақ­сы­лықтар көп болмақ.

 

Геннадий ШИПОВСКИХ,

Сенат депутаты