Халықаралық додаға Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Аустрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербиядан келген мықтылар қатысқан. Осындай ірі жарыста ел құрамасы атынан 9 спортшы қатысса, оның бесеуі қола жүлдеге ілікті. Жүлде алған өрендердің ішінде Дәулет Боранқұлов (51 кило), Рамазан Орынбасар (54 кило), Әділет Ерманов (54 кило), Жәңгір Алдаберген (67 кило) және Даниял Райымбеков (92 кило) сынды мықтылар бар. Өрендеріміз әлі талай халықаралық турнирлерде топ жарады деген үміт басым.
Балуандар бәсекесінде топ жарды
Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір балуан медальдан үмітті.
Жеңіл салмақтағы спортшылар арасында финалдық бәсекелер аяқталып, кезек ауыр салмаққа да жетті. Грек-рим күресінен 97 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Рахат Бержанов қола медальға таласады. Р.Бержанов турнир барысында Германиядан келген мықты спортшыға есе жіберді. Алайда қарсыласы финалға дейін жеткен соң, жұбаныш белдесуге қатысу мүмкіндігін алып, оны сәтті пайдаланды. Ирандық қарсыласын 7:3 есебімен жеңген отандасымыз, қола медаль үшін күресте түркиялық Ахмет Еремектермен боз кілемге шығады.
Ақпарат үшін айтар болсақ, осыған дейін грек-рим күресінен 55 килода сынға түскен Айбек Айтбеков өз салмағында үздік үштікке енді. Айбек кіші финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен оңай жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировтің еншісінде кетті. 87 кило салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді. Тағы бір қола медальді Грузия балуаны иеленген.