Соның бірі – зәулім қонақүйдің иесі Леона Хелмсли. 2007 жылы екі немересіне ештеңе бермей, итіне 12 миллион доллар жаздырған. Әп-сәтте миллионер атанған Трабл атты иттің суреті халықаралық басылымдарда жарияланды. Халық шулап, Хелмслидің бұл ісін түсіне алмады. Итті ұрлап кету туралы ой қаншама адамға маза бермеді. Содан кейін судья ақыры иттің мұрасын 2 миллион долларға дейін қысқартты.
Теннис ойнайтын робот
Google үстел теннисін ойнайтын роботты жетілдіріп, бәсекеде жеңуді үйретті.
Робот 29 ойын ойнап, 13 ойыншыны жеңген. Жобаны басқарған Паннаг Сан-кети – «Google DeepMind» компаниясының аға бағдарламалық инженері. Жүйені дұрыстау үшін зерттеушілер үстел теннисі добының күйі, айналуы, жылдамдық және позиция сияқты деректердің үлкен көлемін жинаған. «Нақты әлемдегі тапсырмаларда адам деңгейіндегі жылдамдық пен өнімділікке жету роботтехника зерттеу қауымдастығы үшін басты мақсат болып қалады» деп жазылған зерттеу мақаласында.
XXII ғасырдың кітабы
Жазушылар тек XXII ғасырда оқуға болатын романдар жазып жатыр.
Суретші Кэти Патерсон Осло әкімшілігімен бірге 2014 жылы «Болашақ кітапханасы» арт-жобасын іске қосты. Жыл сайын қазіргі жазушылардың біріне 2114 жылға дейін оқуға болмайтын роман жазу ұсынылады. Болашақта кітаптарды басып шығару үшін қолжазбалар сақталатын қоғамдық кітапхананың жанына мың қарағай отырғызылды. Тіпті антологияны алуға болатын сертификаттар да сатылды. Жобаға арналған романдарын Маргарет Атвуд, Дэвид Митчелл, басқа да танымал авторлар жазған.