Спорт • Бүгін, 09:40

Ербол Мырзабосынов Паралимпиада чемпионын құттықтады

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Париж-2024 Паралимпия ойындарының жеңімпазы — екі дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревті телефон арқылы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ербол Мырзабосынов Паралимпиада чемпионын құттықтады

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

«Давид Дегтяревті Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймыз. Біздің спортшымыздың жеңіске деген темірдей ерік-жігерін, табандылығын және чемпиондық мінезін тағы да танытқанына қуаныштымын. Токиодағы Паралимпиадада Дегтярев алтын медаль жеңіп алған еді, енді биыл да отандасымыздың Олимп тұғырына көтерілгенін мақтан тұтамыз», деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.