Оқиға • 05 Қыркүйек, 2024

Арыстанбек Мұхамедиұлының тағы үш нысаны мемлекетке қайтарылады

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Прокуратура 4,8 млрд теңгеге жуық мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыздарды қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Арыстанбек Мұхамедиұлының тағы үш нысаны мемлекетке қайтарылады

Фото: Ашық дереккөз

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді.

Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сату заңға қайшы келетіні анықталған, сондықтан прокурорлар 4,8 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талапқа бастамашылық жасағаны хабарланды.

«Астана мен Алматы прокурорларының талап-арызы бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысы бар компанияларға сатылған құны 3,5 миллиард теңгеден асатын тағы үш нысанды мемлекет меншігіне қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр», делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылғаны белгілі болған еді. Аталған мүлік Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты «Nomad's Land» ЖШС-не тиесілі болған.