Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бейнежазбадан мектеп формасын киген бірнеше жұп егіздің алғашқы сабақ күніне бара жатқанын көруге болады. Әр егіз өз бауырының қасында отырғанын да байқай аламыз.
Білім мекемесінің директоры мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отырғанын алға тартты.
«Бұрын біздің мектепте мұндай жағдай болған емес. Биыл бірінші сыныпқа бірден жеті жұп егіз түсті. Мектепте 0-ден 11-сыныпқа дейін барлығы 30 жұп егіз оқиды», дейді мектеп директоры.
Сондай-ақ директор мектепте барлығы 2 213 бала білім алып жатқанын қоса айтты.