ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024

Мектеп жайлы, білім сайлы болсын

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Жоба аясында «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамына аса үлкен жауапкершілік жүктелді.

Мектеп жайлы, білім сайлы болсын

Бүгінгі таңда біз жобаның соңғы кезеңіне ақырын өтіп жатырмыз. Бірінші қыркү­йекте алғашқы мектептерді қолданысқа тапсырып бас­тадық. Қазір еліміздегі басқа нысандарда құрылыс жұмыс­тары қарқынды жүріп жатыр. Аталған нысандарды жылдың аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз.

Жергілікті билік өкілдері әрі мердігер ұйымдармен үнемі байланыста отырып, жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын бақылауда ұстап отырмыз.

Атқарылған жұмыс­тың нәтижесін қарапайым халық пен келешек ұрпақ бағалай­тыны белгілі. Мемлекет басшысы Жолдауда «2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс» деген еді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ стратегиялық тұрғы­дан еліміз үшін өте маңыз­ды «Жайлы мектеп» ұлттық жоба­сының әр кезеңінің сәйкес деңгейде тыңғылықты орындалып, сәтті аяқталуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Жобаның сапалы әрі уақытылы тапсырылу жолын­дағы министрліктер мен жергілікті әкімшіліктермен жұмыла атқарған жұмыстың, бақылаудың болуы, әрі халық­тың үздіксіз кері байланысы ісіміздің дұрыс бағытта жүруіне жағдай туғызып отырғанын атап өткен жөн.

 

Мәулен Айманбетов,

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы