Білім • 06 Қыркүйек, 2024

Отандық агенттік марапаты

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуропалық білім беруді аккредиттеу желісінің (ENAEE) уәкілетті ұйымдары арасында Қазақстан агенттігі үздік деп танылып, жоғары марапатқа ие болды.

Отандық агенттік марапаты

«ENAEE» – Еуропаның, Оң­түстік және Солтүстік Америка мен Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның жиырмадан астам агенттігін қамтитын же­текші еуропалық инженерлік білім беру аккредиттеу желісі. «ENAEE Authorized Agency Award 2024» байқауында инженерлік білім сапасын қамтамасыз етуге және инженерлерді даяр­лауға үлес қосқан команда жеңім­паз деп танылды.

Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығының пре­зиденті, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаровтың айтуынша, ешқандай баламасы жоқ «ENAEE» байқауы биыл алғаш рет өтіп отыр.

Орталық Азияның білім жүйесін аккредиттеу қауым­дас­тығы Еуропалық одақтың «Орталық Азиядағы инженерлік білім сапасы» жобасы аясында құрылған еді. Бұл жобаға елімізден бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, сондай-ақ Италия, Бельгия, Германия, Португалия және Ұлыбританиядан келген серіктестер қатысты. Басынан бас­тап біздің мақсатымыз Орталық Азия жоғары оқу орындарының еуропалық серіктестермен тығыз қарым-қатынасы мен аккредиттеу стандарттарын «ENAEE»  ха­лық­аралық та­лап­та­ры­мен сәй­кестендіру болды. Біз білімі­міз­ді ең жоғары халықаралық стандарттарға сай ұстауға тырысамыз. Қазір «ENAEE» құрамына АҚШ-тың да аккредиттеу агенттігі «ABET» кіреді. Бұл – біздің талаптарымыз бен шарттарымыздың тек еуропалық емес, Халықаралық Инженерлік Альянстың стандарттарына сәй­кес келетінін көр­се­те­ді», деді Ә.Әбжаппаров.

Бұл жоғары марапат Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығының еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі жетекші орны мен беделін көрсетеді. Был­тыр желтоқсанда «KAZSEE» Қазақ­стандағы заманауи білім қауымдастығы Алматы келісімі шеңберінде білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы болып қайта құ­рылған еді. Оның қызметі Орталық Азияны Еуропалық одақпен ықпалдастыруға бағыт­талған.

Орталық Азия білім жүйесін  аккредиттеу қауымдастығы жо­­ғары оқу орындарының тү­лек­­теріне халықаралық еңбек на­ры­­ғындағы сұранысты қам­та­ма­сыз ете отырып, Қазақстан мен Орталық Азиядағы білімнің ең жоғары халықаралық стан­дарттарға сәйкес келуіне ұмты­лады.