Париж-2024 • 06 Қыркүйек, 2024

Сенат Төрағасы ел мәртебесін асқақтатқан чемпионды құттықтады

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақмарал Науатбекті айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сенат Төрағасы ел мәртебесін асқақтатқан чемпионды құттықтады

Фото: Facebook

«Дүбірлі додада қарындасымыз парадзюдодан J2 санатында сынға түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Ел мәртебесін асқақтатқан осы бір жеңіспен чемпионымызды және баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осылайша, ел намысын қорғаған атлеттеріміздің арасынан екі бірдей алтын жүлдегер шығып отыр. Бұл – Қазақстан үшін Паралимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған үздік көрсеткіш», деп жазды Мәулен Әшімбаев желідегі парақшасында.

Сондай-ақ жазба иесі ел қоржынында бір күміс және бір қола медаль бар екенін айта келе, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрамамыздың 5-орын алған жетістігі елімізде командалық сайыс түрлерінің дамуына зор ықпалын тигізетініне сенім білдірді.

«Отандастарымыздың Париждегі жеңісі кейінгі жылдарда елімізде параспортты дамыту жолында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың нәтижесі екені анық. Алдағы уақытта параспортшыларымыздың бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілекшіміз», деп жазды Сенат Төрағасы.