Үкімет • 06 Қыркүйек, 2024

Комиссияның кезекті отырысы

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төраға­лығымен Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комис­сияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның кезекті отырысы

Басқосуда Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал ететін шаралар талқыланды.

Ерлан Қарин жиында Президенттің салық саласын жаппай цифрландыруға және шаруаларға несие беру үшін банктерді субсидия­лау тәжірибесін қолға алуға, салық режімдерін оңтайландыруға және басқа да бастамаларға қатысты Жолдауда ай­тылған тапсырмаларын тиімді орындау сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қа­тар Комис­сия отыры­сында Қазақ­стан Респуб­лика­сы­ның сыбайлас жемқор­лық­қа қар­сы саясатының 2022–2026 жыл­дарға арнал­­ған тұжы­рымдамасын жү­зе­ге асыру мәселесі қаралды. Сы­бай­лас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министр­ліктері, «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкер­лер палатасы бас­­шыларының есебі тыңдалды.

Тұжырымдаманы іс­ке асыру аясында бірқа­тар кешенді шара қабыл­данды. Оның ішінде негіз­сіз баю үшін жауапкер­ш­і­лікті енгізу, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын адамдарды қорғау тәсілдерін күшейту, қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру және басқа да мәселелер бар. Парламентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша іс-шаралар қарастыруды көздейтін түзетулердің кезекті топтамасы енгізілді.

Жиын соңында Мемле­кеттік кеңесші Комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді. Ерлан Қарин елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған тетік­терді жан-жақты және жүйелі түрде пысықтаудың маңызды екенін тағы да атап өтті.