Фото: depositphotos.com
Каспий теңізінің Маңғыстау облысы аумағындағы жағалауынан 2 ер адам резеңке қайықпен ұзап кеткен. Қатты жел салдарынан олар өз бетінше жағаға шыға алмаған.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жастарды тауып алып, жағалауға жеткізген. Екеуі де медициналық жәрдемді қажет етпеген.