Спорт • Бүгін, 16:33

Дзюдошы Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарында алтынға таласады

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан пара дзюдошысы Ерғали Шәмей  2024 жылы Парижде өтіп жатқан додада финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Дзюдошы Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарында алтынға таласады

Фото: Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Дзюдошы 73 келіге дейінгі салмақта J1 класында өнер көрсетеді.

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерғали Шәмей Германия өкілі Ленарт Сассты 10:1 есебімен жеңді.

Бұған дейін Франциядағы пара дзюдодан өткен жарыстың ширек финалында Шәмей жергілікті спортшы Арминдо Родригесті сенімді түрде жеңген болатын.

 Айта кетейік, 5 қыркүйек күні дзюдошы Ақмарал Науытбек ел қоржынына алтын медаль салған еді.