Фото:azattyq-ruhy.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушы ұялы телефонға қол жеткізе отырып, өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырған. Кейін су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған.
Нәтижесінде бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылған.
Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.