Саясат • 07 Қыркүйек, 2024

Балқан елімен байланыс беки түседі

70 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Белград қаласына жұмыс сапары аясында Сербия үкіметі мен Парламентінің ресми тұлғаларымен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) отырысының жұмысына қатысты.

Балқан елімен байланыс беки түседі

Сербияның Сыртқы істер ми­нистрі Марко Джуричпен кез­десу барысында екі ел арасындағы ­саяси диалогтің жоғары динамикасы мен сауда-экономика­лық ынтымақтастықты дамытудағы үл­кен әлеуеттің маңызы аталып өтті. Елдер арасындағы ­қа­­рым-қатынастың жағым­ды си­­па­тын, Қазақстан Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Пре­зи­денті Александр Вучич­тің өзара сенімді және мазмұнды диа­логін тілге тиек еткен сұх­баттастар олардың жаңа кез­­де­­сулері мен өзара сапарлар жа­сауы жақын болашақта ынты­мақ­тастықты одан әрі жан-жақты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Үкімет делегацияларының кез­десуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ықпал ететіні әңгіме арқауына айналды. Сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйым­дар аясындағы ынтымақтас­тық пен өзара қолдау мәселелері талқы­ланды.

Сербия Парламентінің вице-спикері – Халықаралық мә­се­ле­лер жөніндегі комитет төр­ағасы Марина Рагушпен кездесу барысында қазақстандық дипло­мат Президент Қ.Тоқаевтың 2 қыр­күйектегі жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер туралы хабардар етті. Жолдауда Әділетті Қазақ­станды құру жо­лындағы эко­номиканы дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға назар аудара отырып, мемлекет дамуының негізгі бағыттары белгіленгенін атап өтті.

М.Рагуш Сербия халқы Қа­­зақ­­станның даму барысын мұ­қият бақылап, жүзеге асыры­лып жатқан реформаларды жо­­ғары бағалайтынын жет­кізді. Ол парламенттік диалог «халықтық дипломатия» ретін­де қарастырылатынын, осы бағыттағы ынтымақтастық Қа­зақстан мен Сербия арасын­дағы екіжақты қатынастың жақ­сы дәстүріне айналғанын да айтты. Тараптар өзара іс-қимыл­дың қазіргі деңгейіне оң баға беріп, парламентаралық, сондай-ақ іс­кер­лік, мәдени және білім саласындағы өзара тәжірибе алмасуды үдету жөніндегі жоспарларды айқындады.

Сапар аясында Р.Василенко Қазақстан Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Сербия премьер-министрі­нің орынбасары – Ішкі істер ми­нистрі Ивица Дачичтің төр­ағалығы­мен өткен сауда-эко­номика­лық ын­тымақтастық жө­ніндегі ­үкі­метаралық комис­сия­ның 3-оты­ры­сына қатысты. ҮАК күн тәр­тібін­де әскери-техни­ка­лық және қорға­ныс сала­сындағы өзара іс-қимыл, ауыл шаруа­шы­лығы, денсаулық сақ­тау, туризм, мәдениет, спорт, ғылым және бі­лім беру саласындағы ынты­­мақ­тастық мәселелері талқы­ланды.

Мемлекеттік кіріс­тер ко­ми­­тетінің дерегінше, 2023 жылы Қазақстан мен Сербия ара­сын­дағы екіжақты сауда көлемі 91,2 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде ­экспорт – 11,4 млн, импорт – 79,8 млн. Ал биылғы алғашқы жарты жылда тауар айналымы 44,1 млн АҚШ долларын құра­ды. Оның ішінде отан­дық экспорт – 8 млн, Сербиядан келген импорт – 36 млн. Сербиядан елі­мізге са­лынған тікелей инвестиция 2008 жылдан бері ­17,4 миллион АҚШ дол­ларын құрады. Оның ішін­де тек былтырғы жыл­дың өзін­де 2 млн доллар көле­мін­де ин­вес­тиция құйылған. Биылғы 1 мау­­­сымдағы дерекке сүйен­сек, елі­­­мізде бірлескен мен­шік ныса­ны бар 11 компания және сер­бия­лық капитал­дың қатысуы­мен ­49 компания тіркелген.