Спорт • Кеше

Көшпелілер ойындары: 400-ге жуық шетелдік БАҚ хабар таратады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарынан шамамен 400 шетелдік БАҚ хабар таратады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көшпелілер ойындары: 400-ге жуық шетелдік БАҚ хабар таратады

БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 70 елдің 1285 медиа өкілінен өтініш түскен. Оның ішінде 933 қазақстандық, 352 шетелдік журналистер. Олардың арасында CNN, BBC, Euronews және т.б. әлемдік жетекші ақпарат құ­ралдарының өкіл­д­ері де бар.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде "Қазмедиа" орталығында баспасөз орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта ашылу салтанатынан тікелей эфир көрсетіледі. Әлемдік стандарттарға сай көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатыспайды. Ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні 19:00-де басталады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар кіреді.