Қоғам • 08 Қыркүйек, 2024

Жалғыз ұлым әскерге тірідей барып, табытпен қайтты: Сарбаздың әкесі видеоүндеу жасады

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министріне жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалғыз ұлым әскерге тірідей барып, табытпен қайтты: Сарбаздың әкесі видеоүндеу жасады

Маңғыстау облысында жараланған сарбаздың әкесі Қорғаныс министрінің атына видеоөтініш жолдады. Ер адам ұлының жазатайым оқиғадан қаза таппағанын айтады.

«Жалғыз ұлым әскерге тірідей барып, табытпен қайтты.

Ақтау қаласының әскери округіне бара жатырмын. Ұлымды тапаншамен бетінен атып тастаған. Бұл оқыс оқиға дейді. Офицер қарумен ойнап отырып, ол аяқастынан атылып кеткен дейді.

Мен Қорғаныс министрінен бұл істің жазатайым оқиға ретінде қарастырылмауын сұраймын. Бұл жазатайым оқиға емес: тапаншадан ату үшін патронын салып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойнайтын ойыншық емес. Қазір оны қамауға алды дейді. Істі тоқтатқысы келуі мүмкін. Мен бәрін мұқият зерттегім келеді», - деді сарбаздың әкесі.

Ер адамның айтуынша, ол тергеу комитетіне барып, ары қарай ұлының денесін экспертизадан өткізуге ниетті.

Айта кетейік, осыған дейін мерзімді қызметін өткеріп жүрген сарбаз ауыр жарақаттан соң қайтыс болғаны хабарланды.