Фото:Ашық дереккөз
Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшарт анықталған.
«Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбағаны, тиісінше, бір көзден шарттар жасауға негіз болмағаны белгілі болды. Атап айтқанда, ЖАО қарды шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған», делінген хабарламада.
Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген.