Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024

Көшпелілер ойындары: 9 қыркүйекке арналған сайыс кестесі

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін, 9 қыркүйек күні 89 елден келген қатысушылар 7 спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.

Көшпелілер ойындары: 9 қыркүйекке арналған сайыс кестесі

Фото: worldnomadgames.kz

Көкпар

Көпардан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан шабандоздарымен кім мықтыны анықтайды. 

Дәстүрлі садақ ату

Сондай-ақ «Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан жарыс басталады. 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.
Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар:
  • Пута нысанасы 70/60 метр (9 оқтан 7 мүмкіндік);
  • Қалқан нысанасы 60/50 метр (7 оқтан 7 мүмкіндік);
  • Жамбы нысанасы 30 метр (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс (30 метр).
гг
Аударыспақ
 
Астана қаласында ипподром маңындағы этноауылда өтетін аударыспақтан Көшпелілер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды.

оо

Мас-рестлинг

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысады. Аталған спорт түріне Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 8 спортшы сынға түседі.

Олар – Темірлан Шамет, Асылмұрат Бірімжан, Владислав Герасимов, Бердіқұл Алтай, Еркебұлан Ерлан, Жансая Рахметуллаева, Тахмина Гожамбердиева және Ольга Душаева. Мас-рестлинг спортынан бәсеке екі күн бойы өтеді.

оо

Асық ату

Асық атудан сынға түсетін спортшылар да жеребе тартып, қарсыластарын анықтады. Олар «Алау» мұз айдыны сарайында бәсекеге түседі. Асық атудан 12 мемлекеттен келген 39 спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Асық атудан ел намысын 8 асық атушы қорғайды. Олар – Нұрқисса Молжігітов, Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сәния Әскер және Көгершін Думан.

Финалдық ойындар 11 қыркүйекте өтеді.

зз

Кураш

«Алау» мұз айдыны сарайында өтетін курашқа 27 мемлекеттен 106 спортшы қатысады. Аталған спорт түрінен балуандар ерлер арасында бес салмақта, әйелдер арасында үш салмақ дәржесінде белдеседі.

Ел намысын 8 спортшы қорғайды. Олар – Ернұр Сүлеймен, Айбек Қазақбаев, Нұрдін Шаймерден, Бекәділ Шаймерденов, Марат Байкамуров, Алтынай Нұрханова, Ажар Салықова және Альбина Бахиева.
аа
Қазақ күресі
 
Қазақ күресі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көшпелілер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсысы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
оо