Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024

Қазақша күрестен Қазақстан қоржынына тағы бес алтын медаль түсті

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 9 қыркүйекте Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына тағы бес алтын медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақша күрестен Қазақстан қоржынына тағы бес алтын медаль түсті

Фото: sports.kz

Атап айтқанда, 56 келі салмақ дәрежесінде финалда жерлесіміз Рауза Нұрмахамметова ресейлік Алена Фатихованы «таза жеңді». Осылайша Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

60 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейіржан Берекетов финалда әзербайжандық балуанды жеңіп, Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының чемпионы атанды.

Қазақша күрестен 66 келі салмақта Дидар Тұқышев V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының чемпионы болды.

74 келі салмақта өнер көрсеткен Жұмажан Қожамбеков алтын медаль жүлдегері атанды.

Сондай-ақ қыздар арасынан 60 келі салмақта Бақыт Құсақбаева да V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жеңімпазы болып танылды.

Айта кетсек, осыған дейін 52 келі салмақта Назерке Азаматова және 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жеңімпазы атанса, сондай-ақ ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов алтын медаль иеленгенін хабарлаған едік.