Басылым • 10 Қыркүйек, 2024

Басқа басылымдардан: Қазақстан үшін маңызы зор

90 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Көшпелілердің мә­­­­­­де­ниетін сақтауға бағыт­­­талған жарыс – V Дүние­жүзілік көш­пелілер ойын­дары жек­­­­сен­біде Астанада басталды. Спортшылар 13 қыр­­күйекке дейін 21 спорт түрінен бақ сынайды.

Басқа басылымдардан:  Қазақстан үшін маңызы зор

Ашылу салтанатында көпші­лік алдына шық­қан бірінші команда – алғашқы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын қабыл­даған Қырғызстан болды. Тұңғыш ойындарға 19 елден спортшылар қатысқан болатын. Бұл Қазақстан астанасындағы ойындарға келген командалар санының төрттен біріне тең. Сонымен бірге Астанадағы ойындарға көшпелі мәдениеті жоқ елдер де қатысып жатыр.

Бұл жылы Америка құрлы­ғының барлық елінен спортшылар келді. Америкалық ковбойлар Бразилия, Венесуэла, Доминикан Республикасы, Аргентина, Барбадос, Чили, Колумбия, Эквадор, Мексика, Панама, Уругвай өкілдері жарыс жолына шықпақ.

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына келген ең ірі делегациялар – Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия және Пәкістанның командалары. Ең кішкентай команда – 1 ғана спортшыдан тұратын Швейцария құрамасы.

Әлем елдері үшін Олимпия ойындары қандай маңызды болса, көшпелі мәдениеттің бесігі саналатын Қазақстан үшін Дүниежүзілік көшпелілер ойындары сондай маңызды.

Бүркітшілер сайысында жеңіске жеткендер 2000 долларды қалтасына басады, ал басқа спорт түрлерінен алтын медаль алғандар 1000 долларға ие болмақ.

Қазақстан билігі бүкіл әлемге телеарна арқылы транс­ляция жасайтын ойындар белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концертімен аяқ­тал­мақ.

 

Әлем тарихында терең із қалдырған өркениет

ва

V Дүниежүзілік көшпелі­лер ойын­дарының ашылу салта­на­­­­ты­на қатысқан Қазақстан ­Пре­­­зи­денті Қасым-Жомарт То­қаев көшпелілер өркениеті әлем та­­ри­хында терең із қалдыр­ғанын айтты.

«Астана Арена» стадионында өткен іс-шараға Өзбек­стан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан пре­з­иденті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халық Мәс­ли­­хатының төраға­сы Гурбангулы Берді­мұха­ме­дов, Татарстан раисы Рус­там Минниханов, Саха Рес­пуб­­ликасының басшысы Айсен Николаев, Моңғо­лия­ның экс-президенті Намбарын Энхбаяр, т.б. қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде халықаралық ауқымдағы ірі жарысқа қатысуға келген бауырлас елдердің басшыларына, жоғары мәртебелі қонақтар мен спортшыларға алғысын білдірді. Ол сондай-ақ көшпелілер өркениеті әлем тарихында терең із қалдырғанын, Ұлы даланың көшпелі халқы ықылым заманнан Еуразия кеңістігін мекендегенін айтты. Өз заманына сай инновациялық технологияға ие болған олар ғаламдық прогреске үлес қосқанын тілге тиек етті.

Қазақстан Президенті қазақ жері әлемге ғылым мен гума­нистік идеялардың дамуына елеулі үлес қосқан Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи секілді көрнекті тұлғаларды бергенін жеткізді. Ата-бабалары қуатты мемлекеттер құрып, Ұлы дала төсінде көлемі мен көркі жағынан таңдай қақтырар Отырар, Түркістан, Тараз, Сарайшық секілді қалаларды тұрғызғанын атап айтты.

 

Жалпы жүлде қоры – 253 млн теңге

пр

Татарстан раисы Рус­­там Минниханов қа­зақ тарапының ша­қы­­руы­мен V Дүние­жү­зі­лік көш­пелілер ойын­да­ры­ның ашылуына қа­тысуға Астанаға табан тіреді.

Ашылу салтанаты алдында оны Ақорда резиденциясында Қазақстан Президенті қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты көшпелілер ойын­дарының басталуымен құттықтап, «көшпелі өрке­ниет мәдениетінің жаңғыруы мен сақталуына тең­дессіз үлес қосады» деп атап өтті. Айта кетсек, Ресей құрамасы қатарында 27 спортшы мен 5 бапкерден тұратын Татарстан командасы да өнер көрсетеді.

«БРИКС саммитіне дайындалып жатқаныңызға қарамастан, уақыт тауып біздің елге келіп отырсыз. Сіз бен біздің бірлескен жобаларымыз жоспар бойынша орындалып жатыр және менің тікелей бақылауымда», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үш мың әртістің қатысуымен музыкалық-театрландырылған шоу түрінде өткен ашылу салтанаты Мәскеу уақытымен сағат 17:00-де басталды. Онда Татарстан Республикасының Мемлекеттік ән-би ансамблі де өнер көрсетті.

Кезекті V көшпелілер ойындары «Ұлы даладағы кездесу» ұранымен өтіп жатыр. Оған 91 елден 2,5 мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 253 млн теңге (47 млн рубль).

Жарыс бағдарламасына 21 спорт түрі қосылған, оның ішінде ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі садақ ату, дәстүрлі зияткерлік ойындар, т.б. бар. Бағ­дар­ламаға қосылған ойындар көбірек болуға тиіс еді, алайда көктемгі су тасқынынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараның бюджетін азайтып, нәти­же­сінде Ойындарды ұйымдастыруға 5,7 млрд теңге бөлінді.

Спорттық нысандардан бөлек, Астанада көшпелілер ойындары аясында өзге де локация­лар іске қосылған. Мысалы, «Қазанат» ипподромы жанынан ашық аспан астындағы Көшпелілер өркениеті музейі, Шығыс базары, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы бар «Көшпелілер әлемі» ­ауылы орын тепкен.

 

Салтанатты шеру сапында болды

п

8 қыркүйекте Аста­­на­да V Дүние­­жүзі­лік көш­пелілер ойын­да­ры­­ның ашы­­­лу сал­та­наты­ өтті. «Аста­на Арена» стадионында ұйым­­дас­­ты­рылған ғаламат іс-шараға 3 мың әртіс қатыс­ты.

Театрландырылған қойылым қатысушы мемле­кет­тердің салтанатты шеруімен басталды. Солардың қа­тарында әзербайжан спортшылары да алаңнан жүріп өтті.

Айта кетсек, біздің елімізден 54 спортшы 8 спорт түрі­­­нен бақ сынайды. Дүниежүзілік көшпелілер ойын­­­дары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Онда ­21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салын­бақ.