Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024

Жетісу облысында мүгедектердің құқығын бұзған медицина қызметкерлері жауапқа тартылды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында мүгедектердің құқығын бұзған медицина қызметкерлері  жауапқа тартылды

Фото:Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Конституцияның 28-бабы мүгедектік мәртебесі бар азаматтарға мемлекеттен ең төменгі жалақы мөлшерінде төлем алуға кепілдік береді.

Прокурорлар 2024 жылы медициналық ұйымдар 3-4 топтағы онкологиялық диспансерлік есепте тұрған облыстың 18 тұрғынын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермегенін анықтаған. Осылайша, олар мүгедектігін рәсімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айрылған.

«Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес барлық бұзушылықтар жойылды, барлық адамдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілді, олардың екеуі әлеуметтік төлемдерді тағайындау арқылы мүгедектік мәртебесін алды», делінген хабарламада.

Нәтижесінде азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын бұзғаны үшін үш медицина қызметкері жауапкершілікке тартылған.