Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2024

Экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімі жаңартылады

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімі жаңартылады

Фото:ҚР Энергетика министрлігі

Айта кетерлігі, жанар-жағармай материалдары нарығындағы биылғы жағдай бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскені байқалған. 

Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар – көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және «сұр экспорт». Бұдан бөлек, соңғы уақытта шекарада сұранысқа ие мұнай өнімдерінің «бүркеншік тауарлар» ретінде экспортталғаны тіркелген.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылауды күшейту тапсырылған.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімін жаңартуды және отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз етуді тапсырды.