Жуырда Алматыдағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің «Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит» атты кітабы жарық көрді.
Кітапқа қазақ әдебиетінің қос классигі, өмірде де, өнерде де жұптары жазылмаған жазушылардың ғұмыры мен шығармашылығы, өскен ортасы мен қызмет кезеңдері, әдеби мұралары мен музейдегі жәдігерлер, қоғамдық-әлеуметтік, азаматтық-қаламгерлік тұлғалары жан-жақты арқау болған. «Шәкәрім қажының Сәбеңе хаты», «Михаил Шолохов пен Сәбит Мұқанов», «Зар-мұңымды ұққан Затаевич», «Кенекең мен Сәбең», «Ғабеңнің тағдырлы төрт хаты», «Ғажайып Ғабең», «Шоқан шыққан шың», «Жамбыл-жырдың жанашырлары», «Батырлар жыры бауырластырған С.Мұқанов пен М. Ғабдуллин», «Ботагөз – Гүлфайрус», «Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов: шығармашылық байланыстар», т.б. ғылыми-зерттеу мақалалар, эсселер, ой-толғамдар, сыр-сұхбаттар негізгі тақырып – Сәбең сыры мен Ғабең ғибратына үйіріп алып келіп отырады. Автор әдебиеттің қос алыбының музейлеріндегі қарапайым жәдігерлерден, сарғайған хаттар мен көне фотосуреттерден көл-көсір әңгіме өрбітіп әкетеді. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ел анасы атанған Мәриям Мұқанкелінінің сүйікті жары туралы, ел мен жер, әдебиет пен әлеумет туралы ағытқан сырлары да қымбат. Кітаптың соңында әрбір мақалаға ғылыми түсініктеме берілген. Академик-жазушылардың тұлғаларын жаңа қырларынан тануда, қаламгерлік қарымдарын ой сүзгісінен өткеруде, озық өнегелерін келер ұрпаққа жеткізуде бұл еңбектің қосар үлесі қомақты.
Назгүл АЛТАЕВА.

Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49