Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024

Көшпелілер ойындары: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды

182 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары бел ортасына жетті. 11 қыркүйек күні ел спортшылары 9 спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.

Көшпелілер ойындары: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды

Фото: World nomad games 2024|t.me

Бүгін көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы сағат 11.00-де Ресей командасымен кездесіп, финалға жолдаманы сарапқа салады. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.

Ипподромда сағат 15.00-де көк бөрүден жартылай финалдық бәсекелер басталады. Қазақстан мен Түркия, Қырғызстан мен Ресей құрамасы өзара мықтыны анықтайды.

Ал ипподром маңындағы этноауылда сағат 9.00-де жамбы ату спортының жамбы стилінен жерлестеріміз жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков мергендер арасында топ жару үшін күш салады. 

Этноауылда сағат 10.00-де powerful nomad спортынан абсолютті салмақ дәрежесінде Азамат Мақұлбеков сынға түседі. Финал 16.00-де өтеді.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 10.00-де дәстүрлі садақ атудан үшінші жарыс күні «Жамбы» нысанасы бойынша ірктеу сыны басталады. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады. Әйелдер: Динара Жақсылықова, Фариза Сабыржан, Айкөркем Батихан және Ажар Төлеуқанова. Ерлер: Ербол Тапенов, Бақберген Сәлімов, Қасымхан Қанат, Марат Бексұлтан, Мақсат Әбдікерімов және Жәнібек Құлмырзаев. 

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында сағат 10.00-де қырғыздың ұлттық белбеу күресі алыштан ерлер мен әйелдердің әрқайсы 6 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ел намысын ерлер арасында Қалмұхан Тұрмаханбет (60 келі), Нұржан Сарсенғалиев (70 келі), Әділет Жаңбыршы (80 келі), Біржан Шаймерден (90 келі), Бекбол Нұрланұлы (100 келі), Нұрдаулет Жарылғапов (+100 келі) қорғайды. Ал әйелдер арасында Назерке Әбілтаева (55 келі), Арайлым Ракиш (60 келі), Айнұр Ақжігітова (65 келі), Асылжан Орынбасарова (70 келі), Перизат Нұрланқызы (75 келі) және Арайлым Оразбай (+75 келі) сынға түседі.

Бүгін «Алау» мұз сарайында сағат 10.00-де арқан тартыстан іріктеу сыны басталады. Ерлер арасындағы сынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Англия құрамасынан 87 спортшы күш сынайды. Әр құрамадағы спортшылардың салмағының қосындысы 720 келіден асып кетпеу керек. Ал әйелдер арасында (560 келі) 4 құрама тіркелді. Олар, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан. Ал жүлделі орындар сағат 17.30-да сарапқа салынады. Ұлттық құрама сапында Ермек Жапишев, Азамат Уалиев, Дінислам Шакиртов, Руслан Жамбулов, Дамир Байгонов, Станислав Пеняев, Артем Супанев, Даурен Шарипов, Тимур Ендоянов, Алмас Жүніс бар. Әйелдер құрамасы: Айгерім Жұманова, Айжан Бейсебаева, Аңсаған Шаяхметова, Разия Мұсабаева, Алия Шакирова, Айнұр Сүйіндікова, Нұрсәуле Рахматуллина, Мадина Шыңғысбаева, Ақжан Қайырбаева, Айнагүл Байжігітова құрама сапын толықтырған.

«Алау» мұз сарайында сағат 10.00-де асық ату мен бес асықтан финалдық сын басталады. Асық атудан ерлер құрамасы Қырғызстан құрамасына қарсы ойнайды. Бес асық сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейге қарсы өнер көрсетеді. Асық атудан ел намысын Нуркисса Молжігітов, Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, бес асықтан Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан қорғайды.

«Думан» қонақ үйі және спорт кешенінде тоғызқұмалақтан финалдық ойындар өтеді. Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама сапында Бексұлтан Бостандықов, Ерсұлтан Әуелбай, Мөлдір Серікқызы және Қожанасыр Аңсаған өнер көрсетіп жатыр.