«Таза Қазақстан» • 11 Қыркүйек, 2024

Қоқыстан тазарып, қаланың өңі кірді

71 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған «Котлован» жағалауындағы аумақты тазарту жұмысы жүргізілді. Шараға белсене қатысқан тұрғындар жағалаудан 200 қап қоқыс жинап шығарды.

Қоқыстан тазарып, қаланың өңі кірді

Бұл жер ресми түрде жағажай болып саналмайды, бірақ келесі жылы бұл жағалауда жаңа өзге­рістер орын алмақ. Бүгінгі таңда су қоймаларын жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалып жатыр.

«Бүкіл балалық шағымыз осы су қоймаларда ойнаумен өтті деуге болады. Мұнда мен жүзу­ді үйрендім, отбасылық демалысты жиі өткізіп тұратынбыз. Жыл­дар өте келе мұнда қоқыс көбейіп, демалуға ыңғайлы болмады. Әрине, біз әр демалыстан кейін өз орнымызды жинаймыз. Бірақ барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес. Қазір осындай үлкен ұжыммен қоқыстың көп бөлігін жинап, шығарып жатырмыз», – дейді қала тұрғыны Ангелина Сидоренко.

Өскеменде барлығы 100-ден астам эко-шара өткізілді. 492 аумақ тазаланып, 3871 шаршы метр қоқыс шығарылды. «Қазақстан» тауында 500 көшет отырғызылды, рұқсат етілмеген үйінділер жойылды. «Таза Қазақстанның» екі маусымы өткізіліп, соңғы маусымына 130-дан астам адам тартылды. Нәтижесінде, 3 тонна қоқыс шығарылды. Ең көп қоқыс жинаған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан көшесі қайта жөнделіп, Қабанбай батыр мен Пушкин көшелері бойында жаяу жүргіншілер аймағы, алаң­дар абаттандырылып жатыр. Назарбаев, Шәкәрім даңғылдары мен Қазақстан көшесі бойындағы үйлердің қасбеттері жөнделді.

Қабанбай Батыр – Қазақстан, Қазақстан – М.Горький, Сәтбаев – Байбатчин қиылыстары аудандарында гүлдер отырғызылды, жаңа суару жүйелері іске қосылды. Соны­мен қатар еріктілер «Арда­герлерге тағзым» акциясы аясында жалғыз тұратын зейнеткерлерге тұрғын үйлердің аумақтарын тазалауға көмектесті. Міне, облыс орталығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында осындай игі іс тындырылды.

 

ӨСКЕМЕН