Аңдатпа • Бүгін, 09:50

Аңдатпа

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қыркүйек - Күзге арналған кеш

«Астана Опера» сахнасында «Вена классиктерімен бірге күз» кеші өтеді.

Аңдатпа

18 қыркүйек - «Үнсіздік»

Музыкалық жас көрермен театрында «Үнсіздік» перфомансы қойылады. Режиссері – Е.Жаңатілек.

 

20 қыркүйек - Фестиваль

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестивалі басталады.

 

21 қыркүйек - «Махаббат миниатюралары»

Жастар театрында С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасы ұсынылады. Режиссері – Н.Жақыпбай.

 

24 қыркүйек - «Йерма»

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ф.Г.Лорканың «Йерма» трагедиясы сахналанады.