Фото: ҰОК
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлім етуінше, Қазақстан бокс құрамасы 15 алтын, 11 күміс, 15 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Екінші орынды 14 алтын, 11 күміс, 8 қола жүлделермен Өзбекстан иеленсе, үздік үштікті 12 алтын, 13 күміс 18 қола алған Үндістан командасы түйіндеді.
Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтті.