Оқиға • 11 Қыркүйек, 2024

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың сәуір айынан бері атқарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды

Фото: primeminister.kz

«Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алма Қайратқызы Мұқанова Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметінен босатылсын», делінген Үкімет қаулысында.

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The University of Warwick (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚазРуно» АҚ маманы болып бастаған. 2021 жылдың мамыр айында ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметіне тағайындалған.