Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 15:58

«Пәтер, көлік, қомақты қаржы»: Жамбы ату жеңімпаздарына қандай сыйлық берілді

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбы атудың мажар, азия, түркі және жамбы стилдері бойынша сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Пәтер, көлік, қомақты қаржы»: Жамбы ату жеңімпаздарына қандай сыйлық берілді

Фото: Sportqazaq

Sportqazaq жазуынша, көшпелілер ойындарында жамбы ату ұлттық спорт түрі бойынша жеңіске жеткен 3 оғланға демеушілер құнды сыйлықтар тарту еткен:

  • Алтын және күміс алған Батыр Бексауытқа – бір бөлмелі пәтер;
  • Алтын және қола еншілеген Ералхан Айкөзге – автокөлік;
  • Күміске қол жеткізген Айтбек Сарыбайға – 5 миллион теңге.

Сонымен қатар жамбы атудан құрама бас бапкеріне де темір тұлпар сыйға беріледі.