Елорда • 11 Қыркүйек, 2024

100 өнерпаз зейнеткер Астанадағы этноауылда өнер көрсетті

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы дала дүбірі» 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында елордадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз зейнеткерлері этноауылда концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

100 өнерпаз зейнеткер Астанадағы этноауылда өнер көрсетті

Фото: Астана әкімдігі

Сарыарқа ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Кенжеболат Бапишевтің айтуынша, бүгінгі мерекелік іс-шараға ауданан 100 зейнеткер қатысып жатыр.

Көшпелілер ойыныдарының қонақтары мен көрермендеріне арналған концертте зейнеткерлерден құралған «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ сәнқой әжелерден құралған «Kerbez_models» тобы, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі мен «Кел, шырқайық!» тележобасының бас жүлдегерлері «Әдемі» вокалдық ансамблі де көрермен ықыласына бөленді.

щ

Сонымен қатар концерттік іс-шарада 50-ге жуық спортшы ата-әжелер «Айкүне» қазақ гимнастикасын көрермен назарына ұсынды. Қойылымға қазақ гимнастикасының авторы, дәстүрлі түрік медицинасының шебері, ұстаз Абай Баймағамбетов өзі жетекшілік етті.

Одан бөлек, этноауылда қолөнерші әжелер көрмеге өз қолымен жасаған бұйымдарды ұсынды. Ал ерікті зейнеткерлер көшпенділер ойындары кезінде қоғамдық жұмыстарға атсалысып жатыр.

нр