Денсаулық • 12 Қыркүйек, 2024

Маңғыстауда тамақтан уланған қырықтан астам оқушы сауығып шықты

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 43 бала сауығып шығуына байланысты емдерін аяқтап, үйлеріне оралдыдеп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстауда тамақтан уланған қырықтан астам оқушы сауығып шықты

Олардың бәрі амбулаториялық бақылауға алынған және барлығының жағдайы жақсы. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Стационарда 53 бала емін жалғастыруда, олардың жағдайы да тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйектен бері) өңірдің медициналық мекемелеріне Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы «№ 8 жалпы білім беру мектебі» МКК-ның қызуы көтерілген, іші өткен, лоқсып, әлсіздік байқалған 466 оқушысы қаралған болатын. Соның ішінде 96 бала қажетті медициналық көмекті алу үшін ауруханаға жатқызылды.

Науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар сол жерде науқастарды емдеуге көмек көрсету бойынша Астана медициналық университетінің инфекционистері мен гастроэнтерологтары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медицина Ұлттық үйлестіру орталығының мамандары жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, оқушылардың жаппай астан улану дерегі Мунайлы ауданында тіркелді. 6 қыркүйек күні кештен бастап №8 мектептің 21 оқушысы жедел жәрдем шақырған. Балалардың бәрінің іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Соған байланысты құзырлы орган өкілдерімен бірлескен арнайы штаб құрылып, қылмыстық іс қозғалды.