Тағзым • 12 Қыркүйек, 2024

Қаламгер есімі ұлықталды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы күйші Дина көшесіндегі №8 үйдің қабырғасына белгілі журналист, жазушы Жылқыбай Жағыпарұлына ескерт­кіш тақта орнатылды. Өмірін өнегемен өрнектеп кеткен қо­ғам қайраткері бұл үйде өмірінің соңына дейін тұрған болатын.

Қаламгер есімі ұлықталды

Жылқыбай Жағы­парұлы Қарағанды облысы Қарқаралы то­пырағында дү­ниеге кел­ді. Абай атындағы Қа­зақ пе­дагогикалық инс­титутының тарих фа­куль­тетін бітірген соң, Ақ­мола облыстық «Арқа ажары» газетінде 30 жылға жу­ық

же­місті еңбек етті. Ол шы­ғармашылықпен айналысып қана қоймай, қоғамдық жұ­мыстарға да белсене араласып, бірнеше игілікті істің бас­тауында жүрді. Респуб­ликалық «Тіл және мә­дениет» қоғамының құ­рылуына мұрындық бо­лып, ұйымдастыру ко­митетінің төр­ағасы болды. 2007-2018 жылдары рес­публикалық «Egemen Qazaq­stan» газетінде қызмет істеді.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсі­мінде алғашқы құттық­тау сөзді Алматы ауданы әкі­мінің орынбасары Нұрмат Әбді­райымов жеткізді. Ол Жыл­қыбай Жағыпарұлының қа­ланың рухани әлеуетін арттыруда ересен еңбек етіп, әсі­ресе қазақ мектептерінің көптеп ашы­луына мұрын­дық болғанын атап өтті.

«Қа­зақ газеттері» серіктес­тігінің бас ди­рек­торы, академик Дихан Қамза­бек­ұлы Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетіндегі қыз­мет кезеңінде, Жылқыбай Жағы­парұлының талантты және талапты балаларға қолдау көрсетіп, жағдайы төмен жастарға көмек көр­сетуге ұмтылатын аға­лық қам­қорлығын еске алды. Сонымен қатар «Egemen Qazaq­stan» газетіндегі елеулі еңбегіне тоқталып, қаламгердің отбасына, ұрпағына амандық тіледі.

Жи­ын барысында ардагер журналист Жанболат Аупбаев, «Астана ақшамы» газе­тінің бас редакторы Ер­кін Қыдыр сөз сөйлеп, ақын Тортай Сәдуақасов қаламгер рухына арнаған өлеңін оқыды.