Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығына құқық мәселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Майна Киаимен кездесті.
Әңгіме барысында Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығының құқықтары жөнінде Арнайы баяндамашыға ұсынылған Шолу құжаты туралы сөз қозғалды. Құжатта Қазақстанның аталған саладағы ағымды жағдайы баяндалған.
2015 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі бюро кеңесінің құрамына Қазақстанның төраға орынбасары ретінде сайлануын атап өтіп, Е.Ыдырысов Қазақстан барлық халықаралық ұйымдармен және құқық қорғаушы институттармен әрі қарай тиімді ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.
Қазақстан көптеген құқық қорғау келісімдерін ратификациялады. Аталған құжаттарды іске асыру бойынша, ұлттық заңнама мен құқықтық қолдану тәжірибесін ратификацияланған құжаттармен сәйкестендіру жұмыстары дағдылы атқарылып келеді.
Арнайы баяндамашының бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығы құқық мәселелері мандатына қатысты Қазақстан Үкіметі спорттық-бұқаралық, мәдени-көріністік және өзге бұқаралық шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жасау жөнінде шешім қабылдағаны айтылды. Құқық қорғау конвенциялары ережелерін жүзеге асыру туралы есептер белгіленген мерзімінде Женеваға жіберіліп тұрады. Осылайша, Қазақстан өткен жылы үш конвенция (нәсілдік кемсітушілік, әйелдер, азаптау) және Мерзімді әмбебап шолу бойынша БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде төрт есебін сәтті қорғады.
Қазіргі таңда Қазақстанда адам өлшеуіші бойынша нормативтік-құқықтық база мен тәжірибелік шараларды одан әрі кемелдендіру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. 2010-2020 жылдарға Құқықтық саясат тұжырымдамасы жасалып, жүзеге асырылуда. Жақын арада 2020 жылға дейінгі адам құқықтары саласында жаңа Ұлттық іс-қимылдар жоспарының жобасы жасалады деп күтілуде.
Қазақстанның мемлекеттік органдары халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық қоғаммен ынтымақтасуға ерекше көңіл бөледі. Пікірлердің толыққанды мониторингін қамтамасыз ету мен құқық қорғау саласында тиісті шешімдер қабылдауға ықпал жасау мақсатында ҚР СІМ жанында «Адами өлшем жөніндегі үнқатысу алаңы» деген атпен Консультативті-кеңесші орган жұмыс істейді.
«Егемен-ақпарат».

Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32