26-30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Бекназаров Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 2015 жылғы Страсбург қаласындағы (Франция) жыл сайынғы сессиясының бірінші жартысына қатысады.
Сессия аясында Парламенттік Ассамблея Төрағасы мен оның орынбасарларына және Еуропа сотының адам құқықтары жөніндегі судьяларына сайлау болады.
Еуропа Кеңесінің парламентшілері ЕКПА-ның Тунис пен Молдовадағы парламенттік сайлауға байқау миссиялары бойынша мониторинг қорытындыларын, Украинадағы гуманитарлық күйзелістерді, көшіп келушілер мен мүгедектер, төзбеушілік және кемсітушілік, Еуропадағы бұқаралық ақпарат құралдар бостандығын қорғау мәселелерін талқылайды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.