Оқиға • 12 Қыркүйек, 2024

Ақмола облысында бюджет қаражатын қалтасына басқан есепші сотталды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында бюджет қаражатын қалтасына басқан есепші сотталды

Фото: astana.sud.kz

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, мекеменің есепшісі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалған құжаттар жасаған. Сондай-ақ шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталған.

«ҚК 190-б. 3-б 1-т. сәйкес осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, келтірілген залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылған.