Спорт • 12 Қыркүйек, 2024

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен үстем болатындар анықталатын аталған чемпионатқа 26 елден 210 спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Фото: olympic.kz

Ел намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Анастасия Лаврова, микстегі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Акашева және тағы басқа спортшылар қорғайды. 

Жүлделер ерлер мен әйелдер арасында жеке, командалық, сондай-ақ жұптық және аралас разрядтарда сарапқа салынады.

Елорда төрінде үстел теннисінен алғаш рет ұйымдастырылатын XXVII Азия чемпионаты қазан айының 6-13 күндері өтеді.