27 Қаңтар, 2015

Ақпараттар ағыны

248 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
*Былтыр мемлекетіміз 2 млрд. 9 млн. кВт/сағат электр энергиясын экспорттады. Энергетика министрі Вла­димир Школьниктің сөзіне қара­ғанда, «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасына сәй­кес, жаңғыртылған энергия көз­дері­нен алынатын қуатты 2020 жыл­ға қарай – 3, ал 2030 жылы 10 пайызға арттыру жос­парда тұр. *Елімізде «Инватакси» қызметі жылына 10 мыңға жуық өтінім бойынша қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 2014 жылы саланың жұмысын қамтамасыз ету үшін 181 млн. теңге қаралған. Оның 90 млн. теңгесі республикалық, қалған бөлігі жергілікті бюджет есебінен бөлінген. *Биыл Астанада 3 қо­сал­қы электр стансасы іске қосылады. Қалалық энергетика басқармасы мәлім еткендей, бұл стансалар барлық нысандар мен кәсіпорындарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар аясында салынады. *Қарағандыда ауыр жүк көтеретін крандар құ­рас­тырылып жатыр. Өңір­дегі «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС құны 390 млн. теңгелік, жылдық қуаты 30 кран дайын­дауға жететін жаңа жобаны іске асыруда. Бас инженері Денис Малыкин кәсіпорынға «Биз­нестің жол картасы-2020» мем­лекеттік бағдарламасының қолдауымен қажетті қондыр­ғылар сатып алынғанын жет­кізді. Қазір мұнда 70 адам жұмыс істейді. *Оңтүстік Қазақстанда индустрияландыру картасына енген жобалардың саны 223-ке жетті. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бақытжан Әшірбеков осы жобалардың жалпы құны 1,2 трлн. теңгені құрағанын, оның 65 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. *Ақмола облысында бюст, мүсін және ескерткіш шығарыла бастады. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, Аршалы ауда­нын­дағы «Қазақстан көркем ком­бинаты «Қазарт» ЖШС мен­ші­гіндегі өндірістік комбинаттың өнімдеріне қазірдің өзінде Астана мен еліміздің өзге өңір­лерінен тапсырыстар түсуде. Бұл жобаның құны – 400 млн. теңге. *Оралда құрастырылған алғашқы ұшақ сынақтан өтті. Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы мен АҚШ-тың Lancair фирмасы бірлесіп шығарған Lancair IV әуе көлігінің қуаты 700 ат күшіне тең. Үш жолаушыға есептелген ол 2 мың шақы­рым­ға ұшып бара алады. Жыл­дамдығы сағатына 500 шақы­рым. Бұған мемлекет тарапынан қаржы жұмсалмаған. Бұл – турбовинтті двигателі бар, көмірсутегі материалынан жасалған Қазақстандағы бірін­ші ұшақ. *Ақтауда 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, өткен жылы өңірде жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттен 773 млн. теңге қаралған. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» деректері бойынша дайындалды.