Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024

Көшпелілер ойындарының жабылу рәсімі көрермендерсіз өтеді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Ұйымдастырушылар аталған іс-шараға көрермендер үшін билет сатылмайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көшпелілер ойындарының жабылу рәсімі көрермендерсіз өтеді

Фото: Ерлан Омар

Бүгін, 13 қыркүйек күні V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетеді. Осы жылдың көктемінде бюджеттің қысқаруына байланысты дүбірлі доданың жабылу рәсімі хаттамалық форматта әрі көрермендерсіз өтеді. Алайда айтулы іс-шараны отандық телеарналардың тікелей эфирінен тамашалауға болады.

«Көшпелілер ойындардың жабылу салтанатына билет сатылып жатқаны туралы ақпарат тарап жүр. Кез келген жалған ақпарат алаяқтық болып саналады. Ел азаматтары мен шетелден келген қонақтарды абай болуға шақырамыз. Күмәнді ұсыныстарға алданып қалмаңыздар. Ойындардың жабылу рәсіміне тек спортшылар қатысады», дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37