Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024

Жетісу ауданында ірі өрттен бір жасар бала қаза тапты

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранған. Өрт салдарынан 2023 жылы туған сәби қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу ауданында  ірі өрттен бір жасар бала қаза тапты

Фото: Алматы қаласы ТЖД

12 қыркүйекте сағат 23:32-де Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. ТЖД күштері мен құралдары автоматты түрде жоғары дәрежедегі шақырту бойынша оқиға орнына жөнелтілген.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 (23:36) минутта жеткен сәтте, ағаштан салынған жеке үйдің шатырын, шаруашылық ғимаратының және уақытша салынған үй жайдың  S=200 шаршы метрдегі отқа оранғанын анықтады, сондай- ақ  құрылымдардың опырылып құлауы туралы баяндады», деп хабарлады Қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан жасалғандықтан, жалын тез таралған. Оқиға орнынан 50 л. газбаллон эвакуацияланған.

«Өрт сөндірушілер 2 адамды құтқарып үлгерді. 1994 жылы туған ер адам және  1993 жылы туған әйел №4 қалалық ауруханаға ессіз  жағдайда жеткізілді. Өкінішке орай, ТЖД күштері келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болды», делінген хабарламада.